![Коронавирусын жұқтырған анадан туған сәбидің дені сау](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/4/10/1586506885950.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Коронавирусын жұқтырған анадан туған сәбидің дені сау.
Тест нәтижелері оның ағзасында инфекцияның жоқ екенін көрсетті.
«Коронавирус инфекциясын жұқтырған әйел 9 сәуір күні босанды. Жаңа туған нәрестеде COVID-19 вирусының жоқ екені анықталды», — деді Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов.
Айта кетерлігі, Қызылорда облысында 104 адам коронавирусты жұқтырған, оның 4-еуі бүгін тіркелді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Коронавирусын жұқтырған анадан туған сәбидің дені сау&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125474/)