![Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 2 миллионға жуықтады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/4/14/1586836945839.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 2 миллионға жуықтады. Бүгінге дейін 1 925 138 адам инфекция жұқтырған. Оның 119699-ы қайтыс болды. 446 мыңнан астам науқас емделіп, ауруханадан шығарылды.
Вирус жұқтырғандар мен өлім-жітім саны АҚШ -та көп тіркелді. 587155 адам дертке шалдыққан. 23644 науқас індеттен көз жұмды.
Жұқтыру дерегі көп тіркелген елдердің қатарында Испания (170099/17756/64727), Италия (159516/20465/35435), Франция (136779/14967/27718) бар.
Францияда коронавирусқа байланысты шектеулер 11 мамырға дейін ұзартылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 2 миллионға жуықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125596/)