Биыл «Қарағанды-Балқаш» және «Балқаш-Бурылбайтал» жолы көлік қозғалысы үшін ашылады. Бұл халықаралық транзиттік маңызға ие күре жолдың ең ұзын учаскесі. Көрші Ресей, Өзбекстан, Қырғыз елдерімен арадағы барыс-келіс, алыс-берістің дені осы дәлізбен жүзеге асады. Сол себепті мамандар елдегі төтенше жағдайға қарамастан құрылыс қарқынын еш бәсеңдетпей, жұмысты уақытылы және сапалы атқаруға барын салып жатыр.
Жоспар бойынша «Қарағанды-Балқаш» және «Балқаш-Бурылбайтал» жолы 2022 жылы аяқталуы тиіс. Оның сапалы орындалуы – басты назарда. Мамандар күрежол 1B санатына жатады деп отыр. Яғни жолдың сапасы мен қоса қауіпсіздігі де ескерілген.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Биыл «Қарағанды-Балқаш» және «Балқаш-Бурылбайтал» жолдары іске қосылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125643/)