![Павлодарда 13 көшенің атауы өзгерді](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/4/15/1586923272291.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Павлодарда 13 көшенің атауы ресми өзгерді. Тіпті ғимараттар маңдайшасына көше атауы жазылған тақтайшалар қойылып үлгерген.
Енді 1 Май көшесі бұдан былай Мәшһүр Жүсіп Көпеев деп аталады. Ал, бұрынғы Көпеев көшесіне Ақбеттау деген атау берілді. Сондай, Короленко – Бұқар Жырау, Крупская – Едіге би көшесі болып өзгерді.
Көшелердің жаңа атауына қатысты құжаттар әділет органдарында 12 сәуірде тіркелген. Қазір мамандар басқа да көшелердегі ғимараттарда ілінген тақтайшаларды ауыстырып жатыр.
pavlodartoday.com
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда 13 көшенің атауы өзгерді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125651/)