![Барак Обама президент сайлауында Джо Байденді қолдайтынын мәлімдеді](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/4/15/1586928469994.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Барак Обама президент сайлауында Джо Байденді қолдайтынын мәлімдеді.
Бұл туралы АҚШ-тың экс-президенті Twitter-дегі парақшасында жазды. Еске салсақ, Обама президент болған тұста (2009-2017 жылдары) Байден оның орынбасары қызметін атқарған еді.
«Сайлауда Джо Байденді қолдайтынымды білдіремін. Оның бойында президентке тән қасиеттің бәрі бар», - деп жазды Обама.
Айта кетейік, 8 сәуірде Берни Сандерс президенттік жарыстан шығатынын мәлімдегеннен кейін Байден сайлауда Трамптың басты қарсыласы болмақ. Десе де, демократтар атынан ресми ұсынылатын кандидат жазда белгілі болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Барак Обама президент сайлауында Джо Байденді қолдайтынын мәлімдеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125654/)