Алматыда қоқыс таситын көлік жолаушыларды блокпостан өткізбек болған. Тексеру барысында 50 жастағы жүргізуші ұсталды.
Полицейлер көлікті тоқтатқанда жүк салатын жерде тығылып отырған адамдарды тапқан. Жүргізушіні қосқанда жүк көлігінде 7 адам болған. Олар облыс аумағынан қалаға кіруге әрекеттеніпті. Күдіктілер полиция басқармасына жеткізілді. Барлығы да тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтады полиция департаментінің өкілдері.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда қоқыс таситын көлікпен қалаға кірмек болған 7 адам ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125676/)