Сыр өңірінде эпидемиологиялық ахуал жақсармай тұр. Қауіпті инфекцияға шалдыққан науқастардың саны бүгін 131-ге жетті. Соңғы қосылған 7 жағдайдың 6-ауы облыс орталығынан анықталды. Ал қатаң карантин режиміндегі Қызылорданың ірі сауда орындары елді мекендерді аралап, тұрғындарға қажетті азық-түлікті жеткізіп беруге көшті. Себебі шаһарға кіріп-шығуға мүлдем тыйым салынған. Сондықтан азығы таусылған қала шетіндегі ағайын үшін көшпелі сауда тиімді болып тұр.
Әділбек СЕРІКҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада коронавирус жұқтырғандар саны 131-ге жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125715/)