Қырғызстанда медицина мамандары арасында вирусты жұқтыру жағдайы көбейіп барады. Соңғы мәліметке сәйкес, елде денсаулық сақтау саласының 104 қызметкері ауруға шалдыққан. Бұл – жалпы науқастардың төрттен бірі. Бүгін тағы 17 адамнан инфекция анықталса, олардың бесеуі – ақ халаттылар. Елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 466-ға жетті.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дертке шалдыққан дәрігерлер Қырғыз елінде де көбейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125736/)