![Қызыл алаңдағы Жеңіс күніне арналған шеру кейінге шегерілді](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/4/17/1587113852785.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Пандемия салдарынан Қызыл алаңдағы Жеңіс күніне арналған шеру кейінге шегерілді . Алайда Ресей билігі Жеңістің 75 жылдық мерейтойын биыл міндетті түрде атап өтпек.
Мерейтойға арналған ауқымды іс-шараларға дайындық бұл елде бірнеше ай бұрын басталған еді. Оның ішінде «Өлмейтін полк» акциясы да бар. Енді COVID-19 пандемиясына байланысты барлық шаралар кейінге шегерілген.
Десе де «Өлмейтін полк» қозғалысының жетекшілері 9 мамырда онлайн-акция ұйымдастыруды қарастыруда.
Дереккөз: Euronews
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызыл алаңдағы Жеңіс күніне арналған шеру кейінге шегерілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125756/)