![Биыл Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау шарасы болмайды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/4/17/1587122679108.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биыл мектептерде соңғы қоңырау шарасы болмайды
Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты.
«Биыл қорытынды аттестация болмайды. 9-11 сынып оқушылары қорытынды аттестация емтиханынан босатылды. Ағымдағы бағалар негізінде жылдық баға шығарылады. Бұл баға аттестатқа қойылады. Ал соңғы қоңырау мәселесіне келер болсақ, бұл – оқу жылы аяқталған кезде өтетін салтанатты шара. Бүгінгі қашықтан оқыту жағдайында мұндай шара болмайды», - деді вице-министр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Биыл Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау шарасы болмайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125762/)