Карантин талабын бұзғандар жазаланып жатса да, талапты ескермей жүргендер әлі жетерлік.
Елорда көшелерінде ерсілі-қарсылы жүргендер көп. Ал қалалық полиция олардың бәрін тексеру үшін үзіліссіз жұмыс істеп жатыр. Олардың мәліметінше, елордада карантин басталғалы 2 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың 200-ге жуығы уақытша қамауға алынса, 1500-ға жуығына айыппұл салынған. Ал 500-ге жуық адамға ескерту жасалса, 65 азаматтың ісі сотқа кеткен. Сондай-ақ тәртіп бұзған 800-ден астам көлік айып тұрағына тоғытылыпты.
Қалада карантин мамырға дейін созылды. Бірақ, көпшілік оны да білмейтін секілді.
Амангелді СЕЙІТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада 2 мыңнан астам азамат жауапкершілікке тартылған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125770/)