![World Press Photo-2020 халықаралық фотожурналистер байқауының жеңімпаздары анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/4/19/1587290390555.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жапониялық Ясуеси Тибаның «Тікелей дауыс» атты туындысы «Жылдың үздік суреті» атанды. Суретте 2019 жылы Судандағы наразылық кезінде өлең оқып отырған жігіт бейнеленген.
Жалпы, WPP-ның басты сыйлығы дәстүрлі түрде жылдың ең өзекті оқиғасын немесе мәселесін бейнелей алған фотографқа ұсынылады. Биылғы байқауға 120 елдің қатысушылары атынан 5 мың сурет ұсынылған.
Үздік суреттер тізіміне Эфиопиядағы ұшақ апаты (2019 жылы 10 наурызда) кезінде түсірілген Мулугета Айененің туындысы, Алжирдегі қақтығыстар кезінде түсірілген Фарук Батиченің туындысы енген.
ввс.com
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=World Press Photo-2020 халықаралық фотожурналистер байқауының жеңімпаздары анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125808/)