![Жемқорлықпен ұсталғандардың басым бөлігі - Ішкі істер қызметкерлері](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/4/22/1587545207057.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Осы жылдың бірінші тоқсанында сыбайлас жемқорлығы үшін 417 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов мәлімдеді.
Жалпы, биыл жемқорлық үшін жазаға тартылған тұлғалар саны 9 пайызға артқан. Олардың ішінде әрбір төртінші адам - мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік ұйымдардың басшылары.
«Толықтай алғанда, қылмыстық жауапкершілікке 417 тұлға, оның ішінде республикалық деңгейдегі - 11, облыстық деңгейдегі -37, қалалық және аудандық деңгейдегі 35 басшы тартылды», - деді департамент басшысы.
Нұрлан Жақсымбетовтің дерегінше, орталық мемлекеттік органдар арасында жемқорлық қылмысы үшін жазаға тартылғандардың 57 пайызы - Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері. Мұнан бөлек, Экология, Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Индустрия министрліктерінің де бірнеше қызметкері жемқорлық қылмысы үшін ұсталған. Ал жергілікті атқарушы органдар арасында осы жылдың 1-тоқсанында ШҚО, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Қостанай және Павлодар облыстары әкімдіктерінде жемқорлар көп ұсталғаны белгілі болып отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жемқорлықпен ұсталғандардың басым бөлігі - Ішкі істер қызметкерлері&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125938/)