![Қар аралас жаңбыр, бұршақ – 23-24 сәуір күнгі ауа райы болжамы](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/4/23/1587614268326.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
23 сәуір күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Жекелеген өңірлерде жаңбыр, найзағай, дауыл, екпінді жел, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыста тұман, оңтүстікте шаңды дауыл болжанады.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. Жекелеген аумақтарда тұман күтіледі.
Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Қызылорда облысында шаңды дауыл болжанады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде бұршақ, түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.
Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 артады. күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Сондай-ақ дауыл тұруы мүмкін. Ақмола облысында бұршақ болжанады. Күндіз Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ал 24 сәуірде Ақтөбе облысы, 24-25 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады, дауыл күтіледі. Түнде кей жерлерде 3 градус үсік күтіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қар аралас жаңбыр, бұршақ – 23-24 сәуір күнгі ауа райы болжамы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125985/)