![Whatsapp топтық бейнеқоңырауға қатысушылар санын көбейтуде](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/4/23/1587619287805.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Whatsapp мессенджерін әзіреушілер топтық видеоқоңыраулардың мүмкіндігін кеңейтуде. Алдағы уақытта бейнебайланысқа сегіз адамға дейін қосыла алатын болады.
Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда мұндай мүмкіндік мессенджердің бета-нұсқасында ғана қолжетімді. Бұл қызмет түрі сынақтамалардан толық өткен соң Whatsapp мессенджерін қолданатын барлық адамдарға қолжетімді болады.
Қазір кеңейтілген топтық қоңыраудың мүмкіндігін пайдалану үшін барлық қолданушыларда мессенджердің өзекті бета-нұсқасы орнатылуы тиіс.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Whatsapp топтық бейнеқоңырауға қатысушылар санын көбейтуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125987/)