Апта басынан бері елордада санитарлық норманы сақтамаған 15 мекеменің жұмысы тоқтатылды. 20 сәуірден жұмысын бастаған мекемелерге қойылған басты талап – санитарлық-эпидемиологиялық норманы қатаң сақтау. Қойылған талаптың орындалуын елордалық полицейлер мен санитар мамандар қадағалайды. Бүгін ұйымдастырылған рейдтің барысында сауда орындары, автокөлік жуу және техникалық қызмет көрсету орындары тексерілді.
Махамбет БЕЙБІТШІЛІК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Карантиннен кейін ашылған нысандар тексерілуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126011/)