Карантин жағдайында тұрғын үйді жалға беру нарығы. Риэлторлар пәтерді жалға алу бағасының 30 пайызға түскенін, Нұр-Сұлтанда 2-3 бөлмеде тұрғандардың арасында 1 бөлмелі пәтер іздеп бастағандардың 50 пайызға өскенін айтты.
Кейіпкер іздегенде тапқан отбасымыздың отағасы адам тасып күнелткен, күніне 2-3 мың тапқан, қазір қиын. Әйелі 4 баламен үйде отыратын адам. Жалдаған пәтеріне коммуналдық қызметтерді қосқанда 120 мың төлейді. Үйдің иесі адамдық танытпай, 4-5 күнде босатыңдар деп отыр. Екінші кейіпкеріміз жатақханадағы аядай бөлмеге айына 53 мың төлейді. 42500 теңгені алған. Бірақ не үйінің қарызын жаппайды, не азық-түлікке жетпейді. Жалға беруші жігіт те бар. Жеңілдік жасаған. «Адамның күні адаммен»,- деді.
Ақерке БЕКТАС
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтанда пәтерді жалға алу бағасы 30 пайызға арзандаған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126111/)