![Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/4/27/1587976222104.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
9 мамырға ақшалай төлемдер ардагерлердің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне және басқа да бірқатар санаттарға қарастырылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлері 1 млн теңгеден алады. Қазіргі таңда елордада 44 ардагер бар. Сонымен қатар, тыл еңбеккерлері, қайтыс болған ардагерлердің әйелдері, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілген барлық адамдар да біржолғы ақшалай төлемдерді алады.
Атап айтқанда, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ІІ Дүниежүзілік соғыстың қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға – 75 мың теңгеден (405 адам), жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдарға, оның ішінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, соғыс жылдарында қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне – 32 500 теңгеден (3 529 адам) біржолғы ақшалай төлемдер қарастырылған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126125/)