![Сәуір айында елімізде 7 бала терезеден құлаған](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/4/29/1588133023117.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанда жыл басынан бері 13 бала терезеден құлап кетті. Елімізде күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты төтенше жағдай жарияланып, карантин енгізілген. Карантин кезінде көп бала үйде отыр. Бұл кезде олардың ата-анасы қауіпсіздік шараларын ұмытпауы тиіс. Бала үшін үйдегі қауіптің бірі – ашық терезе.
1-28 сәуір аралығында республикада көпқабатты үйлердің терезесінен 7 бала құлаған. 2-8 жас аралығындағы 5 бала ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиғалар Қарағанды (3), Павлодар (1) және Жамбыл облыстарында (1), Нұр-Сұлтан қаласында (2) болған.
Жыл басынан бері көпқабатты үйдің терезесінен 13 бала құлады. Бұл оқиғалар Қарағанды облысы (3), Нұр-Сұлтан қаласы (3), Павлодар облысы (3), Алматы қаласы (2), Батыс Қазақстан облысы (1), Ақтөбе облысы (1) және Жамбыл облысында (1) орын алған.
Дереккөз: Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сәуір айында елімізде 7 бала терезеден құлаған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126225/)