Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында болған алапат өрттен 2 отандасымыз қаза тапты. Олар елде заңды жұмыс істеген.
Оқиға Ичхон қаласында кеше күндіз болды. Өрт 4 қабатты ғимараттан шыққан. Соның салдарынан 38 адам мерт болып, тағы 10 шақтысы жараланды. Олардың 8-і ауыр халде. Куәгерлердің айтуынша, өрт барысында бірнеше жарылыс естілген. Әзірге апат себептері белгісіз. Қазір жоғалғандар іздестіріліп, тергеу жүргізіліп жатыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оңтүстік Кореяда болған өрттен екі қазақстандық қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126301/)