Түркістан облысының Кентау қаласында коронавирус жұқтырған әйел босанды. Ал Атырауда 23 жастағы жүкті келіншек қауіпті індетті жеңіп шықса, Жамбылда кәмелетке толмаған 2 баладан вирус табылды. Сондай-ақ, Алматы облысындағы Жаркент қаласы мен Заречный ауылы карантинге жабылды.
Түркістан облысында коронавирус жұқтырған 22 жастағы әйел аман- есен босанды. Ал Алматы облысында түзету мекемесінде вирус жұқтырды деп күдікке іліккен жүкті әйел, аман-есен босанды. Сәбиден инфекция анықталмады.
Індет Атыраудағы Теңіз мұнай кен орнын да тығырыққа тіреді. Алпауыт кәсіпорыннан 10 мыңнан астам қызметкер шығарылды. Вирустың құрығына іліккен 71 жұмысшының 12-сі жазылды.
Павлодар өңірі бойынша эпидемиялогиялық ахуал Екібастұзда ушығып барады. Жағдайды бақылаудан шығарып алған қаланың бас санитарлық дәрігері қызметінен кетті.
Семей қаласында COVID-19 инфекциясына шалдыққан науқастардың арасында 3 жасар бала бар.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында вирус жұқтырған әйел аман- есен босанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126307/)