Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел тұрғындарын бірінші мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтады. «Биылғы мереке ерекше жағдайға тұспа-тұс келіп отыр. Бүкіл әлемді жайлаған індет біздің елімізді де әбігерге салды. Дегенмен бұл сынақтан сүрінбей өтіп, күш-қуатымызды одан әрі арттыра түсетінімізге сенімдімін»,-деді Елбасы. Ол үшін әрине достық, бірлік, келісім және өзара қолдау қағидаттарын берік ұстанған абзал. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев барша халыққа мықты денсаулық пен бақ-береке, елімізге татулық пен толағай табыс тіледі.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы барша қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126338/)