Павлодарда шыбын-шіркейлерді улау басталды. Бұл шараға жылдағыдай баржалар ғана емес, АН-2 ұшақтары жұмылдырылып жатыр. Себебі қансорғыштармен күрес биыл сәл кешірек басталды. Күн күрт жылынса дернәсілдері қанаттанып үлгеруі мүмкін. Онда дәрілеу жүмыстары нәтиже бермейді. Сондықтан авиацияның көмегіне жүгінуге тура келген. Ұшақтар арқылы 7 мың гектар жерге бактецид препараты себіледі. Облыс орталығы ғана емес, биыл Ертіс өзенінің қос қапталындағы 7 ауданда улау жұмыстары жүргізіледі. Бұл мақсатқа бюджеттен 600 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді.
Болат АМАНБАЙЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда масаны улау жұмыстары жүргізілуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126414/)