Мақтааралдағы апат салдарын жерді қашықтықтан зондтау арқылы бақылануда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі таратқан мына суреттерде апаттың ауқымы анық көрінеді. Қоймадағы су 1 мамыр таң ата Қазақстан бағытында ағып бастады. Жол жөнекей Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фердауси, Өргебас, Достық ауылдарын шайып кетті. Қазір аталған 5 елді мекен су астында жатыр. Мамандар 400 миллион текше метр су ағып келгенін айтады. Бұл Қызыл ағаш бөгетінен аққан судан 10 есе артық. Осыдан-ақ, Түркістан облысындағы апаттың масштабын пайымдай беріңіз. Бүгінгі таңда, су деңгейі 20-30 см төмен түскен. Алайда, Жетісай ауданына қарасты бірқатар елді мекендерге қауіп әлі де төндіріп тұр.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жетісай ауданына қарасты ауылдарға әлі де су басу қаупі төніп тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126456/)