Ал елордадан Мақтаралға 40 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді. «Нұр-Отан» партиясы осылайша қызыл судан зардап шеккен 1500 отбасына жәрдемдеспек. Әр отбасына 30 келі азық-түлік үлестіріледі. Айта кету керек, елімізде төтенше жағдай енгізілгелі Елбасының бастамасымен партия жастары 110 мың отбасына азық-түлік қоржынын жеткізіп, үш мегаполисте 5 миллион маска тегін таратты. Енді міне, қиын жағдайға тап болған Мақтарал жұртшылығына да қол ұшын созды. Түркістанның жергілікті мәслихат депутаттары да Мақтаарал ауданының тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді. 7 бірдей жүк көлігіне тиелген керуенде азық-түліктен бөлек, киім-кешек, жеке бас гигиенасына арналған тауарлар бар. Жіберілген гуманитарлық жүктің жалпы сомасы 21 миллион теңге.
Махамбет БЕЙБІТШІЛІК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордадан Мақтаралға 40 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126459/)