![Жеті өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/5/6/1588740689779.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 6 мамырда Шымкент қаласында найзағай ойнап, дауыл соқса, Алматы облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Бүгін Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады, желдің екпіні – 15-20 м/с.
Қызылорда облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Түркістан облысында қатты жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды ауа райы болжамын назарда ұстауға шақырады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жеті өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126490/)