Биыл «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарағанды облысында 800 шақырымдық жол құрылысы басталады. Сондай-ақ 300-ге жуық су өткізетін құбыр, 17 көпір салу жоспарланған. Аталмыш жобалармен өңірге жұмыс сапарымен барған Премьер-Министр Асқар Мамин танысты.
Үкімет басшысы ұзындығы 363 шақырым болатын Қарағанды-Балқаш автожолының реконструкциясына баға берді. Бүгінде жөндеу жұмыстарына 1800 жұмысшы мен 900-ге жуық техника тартылған.
Сонымен қатар Асқар Мамин Балқаш қаласына барып, тұрғын үйлердің салыну барысын көрді. Өңірдің туристік әлеуетін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Фариза Мұсақызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үкімет басшысы Қарағанды облысындағы мемлекеттік жобалардың іске асырылуын тексерді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126497/)