Елорда аумағындағы блокбекеттерде қарбалас жоқ. Қала маңындағы блок бекеттер сол қалпы сақталады. Жолаушыларға талап бұрынғыдай. Бұл туралы ішкі істер департаментінің өкілі хабарлады. Орталыққа тек азық-түлік тасымалдаушылар жасыл дәліз арқылы кедергісіз өтіп жатыр. Сондай-ақ, шаһардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін мекеме жұмысшылары ғана қатынай алады. Олардың тізімін Ақмола облысының әкімдері береді. Бірақ шектеуге түсіп қалған ауыл тұрғындары бөгеттердің алынуын сұрап жатқаны туралы айтылды. Нұр-Сұлтан айналасындағы барлық өткізу-бақылау бекеттері күшейтілген тәртіпте жұмысын жалғастырып жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елорда маңындағы блокбекеттерде қарбалас жоқ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126579/)