Мақтарал ауданындағы топан суда қалған елді мекендердегі судың деңгейі шамамен 1 метрге төмендеді. Бұл апаттық-құтқару жұмыстарының оң нәтиже бергенінің нақты дәлелі. Коллекторлар, су сорғылар мен өрт сөндіру техникаларының арқасында Жеңіс ауылын жайлаған топан су 94 сантиметрге, Жаңа тұрмыста – 90, Өргебаста – 82, Нұрлы жол ауылында 70 сантиметрге азайған. Сондай-ақ, Арай елді мекенінің тұсындағы су деңгейі жарты метр төмендеді. Су шаруашылығы мамандары қазір 11 нүктеге қойылған арнайы құрал арқылы әр 3 сағат сайын су деңгейінің өлшемін алып отыр. Апат болған аймақтардағы су күн сайын орта есеппен 15-16 сантиметрге төмендеп келеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мақтааралда топан судың деңгейі 1 метрге төмендеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126583/)