Ерлік өшпейді, ер ұмытылмайды. Алматыда Жеңіс мерекесінде соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Мегаполистегі аудан әкімдері әр қарияның шаңырағына кіріп, 75 жылдық мерейтоймен құттықтады. Арнайы сый-сыяпатын табыстады. Ал қаладағы 202 ардагерге әкімдік 1 миллион теңгеден сыйақы берді.
Осылайша алматылық ардагерлерге ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың арнайы құттықтауы жеткізіліп, майдангерлер бір марқайып қалды. Жыл сайын қатары сиреген қарттарды қадірлеудің жөні бөлек, дейді Алматы әкімдігі.
Жазира ОРАЗҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлерге құрмет көрсетілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126617/)