![Шымкентте карантин 25 мамырға дейін ұзартылды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/5/12/1589254437505.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шымкентте карантинге байланысты шектеулер 25 мамырға дейін созылады. Бұл туралы Ақпараттық коммуникация-орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлім етті.
«Шымкент қаласы аумағында карантин тәртібі 25 мамырға дейін сақталады. 11 мамырдан бастап қоғамдық көліктер таңғы 07:00 мен кешкі 21:00 аралығында тиісті санитарлық нормаларды сақтай отырып жүре бастады. Қала аумағындағы базарлар да 12 мамырдан бастап 10:00-ден 18:00 аралығында жұмыс істейді. Тек автокөлік базары мен мал базарлары ашылмайды», - деді Ербол Садыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте карантин 25 мамырға дейін ұзартылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126621/)