Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді. Мемлекет басшысы сапар барысында қаланың бірқатар инфрақұрылымдық нысандарын жаңғырту жобаларымен және құрылысымен танысады.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетін мобильді скрининг арқылы анықтау орталығына барады. Ботаникалық бақты қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік қызмет көрсету үйін аралап көреді.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126641/)