Балабақшалар мамыр айының соңына дейін ашылуы мүмкін. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Мекемелер Білім және ғылым министрлігі бекіткен арнайы алгоритмге сай жұмыс істеуі тиіс. Әр топта бала саны 15-тен аспау керек. Балаларды медицина қызметкері мекеме сыртында қабылдайды. Ата-аналар ғимаратқа кірмейді. Бүлдіршіндердің дене қызуы күніне 3 рет тексеріліп, денсаулығы жіті қадағаланады. Бала-бақша мамандары да күн сайын тексеруден өтеді. Жұмыс тәртібі қалыпты режимде болады. Дезинфекциялық тазалық жұмыстары күніне 3 рет жүргізілуі тиіс. Бала-бақшаға бірінші кезекте жұмысы басталған, баласын үйінде қалдыруға мүмкіндігі жоқ қызметкерлердің балалалары қабылданады. Одан соң өзге ата-аналардың өтініші қаралады. Әр мекемеде қанша топтың болатыны монитронг жұмыстырынан соң белгілі болады.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Балабақшалар мамыр айының соңына дейін ашылуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126677/)