Өңірде СOVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 432-ге жетті. Індетке шалдыққан 90 адам Теңіз мұнай кенішіндегі мердігер мекемелерде жұмыс істеген. Олармен жақын байланыста болған 2 мың адам карантинге жатқызылды. Ал қалған екі науқас - қала тұрғыны. Жедел штабтың мәліметіне сай, Теңіздегі жағдайдың ушығуына жұмысшылардың карантин талаптарын сақтамауы себеп болған.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысында бір күнде 92 адамнан коронавирус анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126700/)