![1 маусымнан бастап ел ішінде пойыздар жүре бастайды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/5/13/1589372355335.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін ҚР Үкіметі экономика салаларын қалпына келтіруге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған бірқатар нақты шешімдер қабылданды.
Оған сәйкес, 2020 жылғы 1 маусымнан бастап Мемлекеттік бас санитар дәрігердің талаптарын сақтауды ескере отырып, кезең-кезеңмен ішкі теміржол қатынасын жандандыру жоспарланып отыр. Билеттер 15 мамырдан сатыла бастайды.
Сондай-ақ 13 мамырдан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар, Зайсан қалаларына әуе рейстері ашылады.
Ал 18 мамырдан бастап мына нысандарға санитарлық талаптарға сай жұмыс істеуге рұқсат беріледі:
- қонақүйлерге;
- сыйымдылығы 30 адамдық орынға дейінгі қоғамдық тамақтану орындарына;
- қоғамдық тамақтану объектілерінің жазғы алаңдарына.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=1 маусымнан бастап ел ішінде пойыздар жүре бастайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126707/)