NASA Өзбекстанның Сардоба су қоймасындағы апатқа дейінгі және кейінгі жағдайын көрсетті. Көктен түсірілген суреттер бүгін әлеуметтік желіде тарап кетті. Фотосуреттер 22 сәуір мен 8 мамырда Landsat 8 жер серігінің көмегімен түсірілген. «Су басқан аймақ» деген жазумен көрсетілген кадрда, судың жиналған жері анық көрінеді. Соңғы суретте Сардоба қоймасының жартылай бос екені аңғарылады. Сондай-ақ судың қай бағытқа аққанын көруге болады: бір бөлігі солтүстікке, екіншісі шығысқа қарай ағып жатыр. Суреттер түсірілген кезде, су тасқынынан қауіп болмағаны айтылады.
Армагүл ТОҚТАМҰРАТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=NASA Мақтааралдағы су тасқынына дейінгі және кейінгі жағдайды көрсетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126767/)