Атырау облысындағы Теңіз кенішінде вирус жұқтырғандардың саны 400-ге жақындады. Бүгін тағы жиырма бес жұмысшының инфекция жұқтырғаны анықталды. Індет өршіген аймаққа Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов арнайы барды. Шұғыл жиын өтіп, өңірдегі эпидемиялогиялық ахуалдың жай-күйі пысықталды.
Елімізде эпидахуалдың қазіргі деңгейі 2-3 процентті көрсетіп тұр. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, індетті жеңу үшін, карантиндік шараларды мұқият сақтау керектігін баса айтты.
Жиын барысында «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының өңірде жүзеге асыру барысы да қаралды.
Үкімет биыл 1 миллион 220 мың адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Атырау облысында бұл бағдарлама шеңберінде 63 жоба жүзеге асырылып 7 мың жұмыс орны ашылады. Оған республикалық бюджеттен 35 миллиард 308 миллион теңге бөлінді.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Теңіз кенішінде вирус жұқтырғандардың саны 400-ге жуықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126770/)