![Алматыда нөсер жауыннан бірнеше ауланы су басты, ағаштар құлаған](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/5/15/1589516962213.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мамандардың айтуынша, бір түнде айлық жауын шашын нормасының төрттен бірі түскен. 21 ауланы су басып, 19 ағаш құлаған.
Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ.
Қазір 15 жекеменшік үйдің ауласына кірген су тоқтатылды. 4 жолды су шайған. 2 көпқабатты үйдің жертөлесіне су кірген.
Сондай-ақ, қатты желден 8 ағаш көліктердің үстіне құлаған.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда нөсер жауыннан бірнеше ауланы су басты, ағаштар құлаған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126799/)