Орал қаласында кеме-катерлерге арналған маневрлік тұрақ бекеті суға түсірілді. Кемежайды «Зенит» зауыты елдің Шекара қызметіне арнап құрастырған.
Маневрлік бекетте бір мезгілде 4 кеме тұрақтай алады. Экипаждың тынығуы үшін асхана мен жатын бөлмелері қарастырылған. Əрі әмбебап айлақ теңіз күзетіндегі су көліктерін барлық керек-жарақпен қамтиды.
Жүзбелі кеме тұрағына Абайдың 175 жылдығына орай ойшылдың есімі берілді.
Рауан Диәли
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жүзбелі кеме тұрағы суға түсірілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126808/)