Семейде 19 жастағы қыз бала 12 күннен бері іздестіріліп жатыр. Бойжеткен 3 мамыр күні үйден шығып кеткен. Іздеуге 500-ден астам адам жұмылдырылды. Бейнебақылаудағы жазбаларда қыз бала қаланың сол жағалауынан Ертіс өзеніне қарай бет алып, аспалы көпірге дейін барғаны түсіп қалған. Одан әрі белгісіз.
Ержан Жақып
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Семейде 19 жастағы бойжеткен 12 күннен бері іздестіріліп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126811/)