Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-Министр Асқар Мамин аймақтағы көктемгі егін жұмыстарымен танысып, ірі кәсіпорындарды аралады. Энергетика, өнеркәсіп, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым салаларындағы ірі жобаларды іске асыру барысын бақылады.
Шығысқа ат басын бұрған Премьер-Министрдің жұмыс кестесі өте тығыз. Асқар Мамин алдымен егіс алқаптарын аралады. Қазір мұнда қарбалас. Шаруалар биыл алқапты екі жарым есеге арттырып, 1 миллион 100 мың гектар жерге егін егуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ Премьер ірі машина жасау және металлургия кәсіпорындары мен титан-магний комбинатына барып, оларды одан әрі дамыту жоспарымен танысты.
Асқар Мамин Шығыс Қазақстан мемлекеттік-техникалық университеті мен облыстық балалар ауруханасына да барды. Мұнда реанимациялық және операциялық блоктардың жұмысымен, және коронавирусты емдеуге бағытталған ғылыми жобамен танысты. Премьердің жұмысы сапары енді Семей қаласында жалғаспақ.
Досжан МАРАТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Премьер-Министр Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126839/)