Атырау облысындағы Құрманғазы ауданында демалыс күні дүлей дауыл тұрып, екі мектеп пен екі мәдениет үйінің шатырын ұшырып әкетті. Білім ордасының бірі 2011 жылы пайдалануға берілген. Ал екіншісі 2014 жылы бастан-аяқ жөнделген.
Қатты желдің салдарынан ауылдардағы тұрғын үйлерге зақым келіп, жаңбырдан көшелерді су басты. Сонымен қатар, Котяевка елді мекенінде орналасқан шекаралық бақылау-өткізу пунктінің бірқатар нысандары да бүлінген. Екі сағатқа жуық электр жарығы сөніп, тұрғындарды әбігерге салды. Шығын есептеліп жатыр.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда қатты желден екі мектептің шатыры ұшып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126876/)