Елімізден экспортқа шығатын мұнай көлемі 22 пайызға кемиді. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов айтты. Оның сөзінше, мамыр-маусым айларында тәуліктік өндіріс көлемі 390 мың баррельге дейін төмендейді. Бұл ОПЕК-ке мүше елдердің келісіміне сәйкес жасалып отыр. Ал екінші тоқсанда мұнайға деген сұраныс күніне 81 миллион барелден аспайды. Сол себепті, өндіріс те азаяды. Бірақ вице-министрдің айуынша, кейбір елдерге экспорт көлемі керісінше артып отыр.
Сондай-ақ вице-министр мұнай арзандаса да бензиннің бағасы неге түспейтінін айтты. Оның сөзінше, елімізде мұнай өндіруге кететін шығындар азаймаған. Бұл өнімнің өзіндік құнына әсер етеді. Оның үстіне сәуір айында жанар-жағар майға деген сұраныс ақпанмен салыстырғанда 30%-ға төмендеген.
Амангелді СЕЙІТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елдің мұнай-газ саласында едуір өзгерістер болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126913/)