![Соңғы қоңырау 25 мамырда онлайн режимде соғылатын болды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/5/19/1589869903028.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау онлайн режимде соғылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты.
«25 мамырда соңғы қоңырау салтанаты онлайн режимде өтеді. Ал 11-сынып түлектеріне соңғы қоңырау мен аттестат тапсыру кеші ашық аспан астында 3-4 маусымда ұйымдастырылады», - деді ол министрліктің Facebook-тегі парақшасында онлайн режимде өткен аппарат жиналысында.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Соңғы қоңырау 25 мамырда онлайн режимде соғылатын болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126927/)