Бүгін - барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Қадір түні. Бірақ биыл оны әдеттегіден басқаша өткіземіз.
Вирустың жаппай таралуына жол бермеу үшін қазір мешіттер кешкі 20:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Дегенмен Құран хатымның дұғасын тікелей эфирде көріп, тыңдай аласыздар!
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы бүгін сағат 22:20-дан бастап «Әзірет Сұлтан» мешітінен тікелей эфирде хабар таратады. Жамағат үшін мың айдан да қайырлы Қадір түні туралы жан-жақты ақпарат беріліп, арнайы шақырылған қонақтармен сұхбаттар жүргізіледі.
Ербол Мәндібек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қадір түнін Ұлттық арнамен қарсы алыңыз&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/126938/)