Бүгін Азия биржалары күрт құлдырап, жүздеген миллиард доллар жоғалтты. Соңғы мәліметке қарағанда, Токиода 225 компания акцияларының орташа құнын көрсететін Никкей индексі 3,7 пайызға төмендеді. Шанхайдың «Композиті» 15, Гонконгтің «Хансені» - 2,1, Кореяның «Коспиі» - 3 пайызға түскен.
Сауда алаңдарында мұндай ахуалдың қалыптасуына Нью-Йорк биржасында технологиялық компаниялар құнды қағаздарының 2011 жылдан бергі ең төмен бағаға дейін арзандауы себепші. Инвесторлар Америкада несие пайызы көтеріліп, АҚШ-Қытай сауда соғысы әрі қарай жалғасып, Әлем экономикасының өсіміне қауіп төнгендіктен акцияларды жаппай сатып жатыр.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Азия биржаларында индекстер төмендеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/12695/)