Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласындағы мамандандырылған балалар орталығындағы 4 баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бүгін бұл жайлы облыс әкімінің орынбасары мәлімдеді. Қазір мекемеде ведомствоаралық комиссия тексеру жүргізіп жатыр. Бір анығы — балалар өлімі осыған дейін кейбір ақпарат көздерінде айтылғандай қызылша ауруымен байланысты емес. Мекемеде алғашқы дерек 2 сәуірде тіркелген. Комиссия жеткіншектердің туа бітті дерттерінің салдарынан көз жұмғандарын айтып отыр. Дегенмен, тексеру әлі де жалғасуда. Орталықтың директоры, орынбасары мен бірнеше бөлім мамандары тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Ержан ЖАҚЫП
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Аягөзде 4 баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127020/)