Атырауда із-түзсіз жоғалып кеткен бала өлі күйінде табылды. Сәбидің денесі өз үйінің ауласындағы ескі кәріз құдығынан шықты. Үш күн бұрын жоғалған баланы кинолог мамандармен қатар, әскерилер, полиция, сондай-ақ мыңға жуық тұрғын іздестірді.
Қазір оқиғаның анық-қанығы тексеріліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда жоғалған 1,5 жастағы бала өлі табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127105/)