![Пәкістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/5/22/1590147618000.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Пәкістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.
Airbus A320 авиалайнері Карачи әуежайы маңындағы тұрғын үйге құлаған. Алдын ала болжам бойынша, бортында 100-ге жуық адам болған. Рейс Лахор қаласынан ұшып шыққан.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер саны әзірге белгісіз. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, құтқарушылар үйінді арасынан 15-20 адамды шығарған. 2 адамның мәйіті табылды. Оның бірі - 5 жастағы бала.
Ұшақтың құлауы салдарынан бірнеше үйге зақым келген.
rbc.ru
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Пәкістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127113/)