25 мамырдан бастап елдің ішіндегі барлық әуе рейстері қалпына келтіріледі. Қай бағытқа қанша рейс қатынайтынын әуе компаниялары өздері шешеді. Басты міндет — Денсаулық сақтау министрлігінің талаптары мен санитарлық нормалары толық сақталуы тиіс. Яғни әуежайлар мен ұшақ борттарын дезинфекциялау жұмыстары жиі жүргізілуі керек, жолаушылардың қызуы тексеріледі және қорғаныш құралдарының болуы шарт.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздегі ішкі әуе рейстері 25 мамырдан бастап қалпына келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/127122/)